Алдағы жылу маусымында көмірдің жетіспеушілігін болдырмау үшін оны автокөлік және пойызбен әкетуге тыйым салынбақ, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

"Жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында министрлік көмір өндіруші кәсіпорындарды қоспағанда, көмірді автокөлік және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауда. Бұл шектеудің мерзімі шамамен 6 ай болады", – деді Марат Қарабаев. 


Оқи отырыңыз: Жылу беру маусымына дайындық: Нені ұмыттыңыз, бірге тексерейік


Өткен жылу маусымында СҚО, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Алматы облысында 400 мың тонна көмір шетке кетті. Бірқатар өңірлік оператор әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сата бастады. 

"Әкімдік тарапынан тиісті бақылау болмағандықтан, өңірлік операторлар көмірді цемент, кірпіш зауыттары мен жылыжай шаруашылықтарына сатып жіберген еді", – деп еске салды министр.