Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, марафон "Көктал" саябағынан бастау алады. Бейбарыс Сұлтан көшесін Еңлік-Кебек көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейін жауып, турникет орнатылады.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шара кезінде маршруттық автобустардың уақытша айналма жолы қарастырылады. Айта кетейік, іс-шараға жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады.


Оқи отырыңыз: Астанада Koktal Run жүгіру марафоны өтеді.