Итін тұншықтырып өлтірген көкшетаулық қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сайттың хабарлауынша, Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жеке сектор тұрғынынан көршісінің байлаулы итін өлтіргені туралы арыз түскен. 

"Оқиға орнына келген полицейлер өтініш берушінің 4 үйге бөлінген жеке үйде тұратынын анықтады. 15 шілдеге қараған түні көрші ер адам үрген итті тыныштандыру үшін жібін қатты тартып байлаған, бірақ күшін еселеп жіберіп, үй жануарын тұншықтырып өлтірген. Өлі иттің денесін азаматша таңертең ғана байқап, бірден полицияға жүгінген", делінген сайт хабарламасында.

Аталған фактіге сәйкес полицейлер ҚР ҚК 316-бабы 2-бөлігі (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ, ер адамның жалғыз тұратыны және алкогольді пайдаланатыны анықталды. Қылмыс жасалған түні қала тұрғыны мас күйінде болған деген күдік бар. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Оқи отырыңыз: 3 ит пен 100 мысыққа пана. Елордадағы жануарлар үйінен фоторепортаж


Осы баптың санкциясына сәйкес, бұл әрекет 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алумен жазаланады.