Көкшетауда 70 миллион теңгеге заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды
Қазір жер мемлекетке қайтарылған.Заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.
Көкшетау каласының прокуратурасы турақты негізде жергілікті атқарушы органдармен жер заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізген.
Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың аукцион жүргізбестен 1,3 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын бергені анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесі бойынша 70 миллион теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке кайтарылды.