Көкөніс, ет және сүт өнімдері: Астанада екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жәрмеңкеде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, тәтті нан өнімдерін, табиғи шырындар, варенье, джемдер және өзге де тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Шоссе Алаш, 35Б) өтеді.
Жәрмеңке өтетін орынға 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.