Кипр аралында коронавирустың гибридті нұсқасы – "дельтакрон" анықталды
Жаңа штаммның "дельтамен" генетикалық негізі бір және сонымен бірге "омикронға" тән мутациялары бар.Коронавирус жұқтырған 25 адамның үлгісінен жаңа штамм табылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Ғалымдардың пікірінше, бұл нұсқа айтарлықтай қауіп төндірмейді.
"Дельтакрон" штаммының "дельтамен" генетикалық негізі бір және сонымен бірге "омикронға" тән мутациялары бар. Омикронның басқа штамдардан ерекшелігі – оның геномында 30 түрлі мутация бар. Олардың ондығы аталған үлгілерде анықталды",– деп түсіндірді Кипр университетінің профессоры Леонтиос Кострикис.