Кінәсін мойындады: Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді
Азаматтардан келіп түскен шағымды тексеру нәтижесінде Алматы облысы Есік қаласының әкімі жемқорлыққа қатысты қылмысқа барды деген күдікке ілінді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қала әкіміне мемлекеттік сатып алу келісім аясында ойын алаңын абаттандырған жеке компаниядан ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды. Қала басшысы бюджет қаражатын кедергісіз төлеуге уәде еткен.
"Күдікті кінәні толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.