Euronews.com сайтының хабарлауынша, Қытайдың солтүстік бөлігінде 9 ай бұрын өлген арктикалық қасқырдың генетикалық үлгілерінен алынған эмбрион бигль итіне салынған. Дүниеге келген қасқырға эмбрион алынған Майя қасқырдың аты берілген.

Sinogene Biotechnology компаниясының менеджері Цзяо Цзиньпиньнің айтуынша, бұл жоба генетикалық технология саласындағы үлкен жетістік және ол табиғаттан жойылып бара жатқан жануарларды сақтауға жол ашады.

"Майя қасқырда оның генетикалық анасының геномдары сақталған. Бірақ, клондалған қасқыр өзге қасқырлармен емес, иттермен бірге өмір сүрді. Негізінде, клондаоған үй иттері мен мысықтарында да ерте әлеуметтену мәселесі бар. Қаншалықты ерте әлеуметтік ортаға араласса, оның одан әрі қарай жетілуіне соншалықты пайдалы", – деді Цзяо Цзиньпинь.