Қыстың соңғы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 24-26 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, еліміздің солтүстігінде аяздың беті қайта бастайды.
Синоптиктердің болжамынша, антициклонның ықпалы еліміздің батысында сақталады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауып, бұрқасын күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын негізінен қар, тұман және көктайғақ түрінде болады.
Республиканың батысында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде -10...-23°С дейін болса, шығыста түнде -23...-38°С дейін төмендейді. Оңтүстікте ауа температурасы түнде -23...-38°С дейін және оңтүстік-шығыста -8....-23°С-қа дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз: Аяздың беті қайтпай тұр: Қазақстанда суық ауа райы сақталады