Қазақстан мектептерінде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсан мен 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда 10 күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік қысқы демалысқа арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі, оған мыналар кіреді:

  • жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналармен бірлесіп ғылыми жоба мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
  • "Балалар кітапханасы" жобасы бойынша «Кітап оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу және оқылған әдебиеттерді талқылау;
  • білім беру ұйымдарымен бірлесіп "Ұлттық ойын – ел қазынасы" спорттық ойындарын өткізу;
  • "Мен оқыған ертегі", "Адамдық туралы" тақырыптарында оқушылармен әңгімелесу;
  • "Қыздың намысы – ел намысы", "Ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орны", "Өнерлі отбасылар" тақырыптарында ата-аналар жиналысын өткізу;
  • құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Іс-шаралар жоспары әдістемелік ұсыныстар ретінде білім беру ұйымдарына жіберіледі.


Оқи отырыңыз: Мұғалімдер жазда қалай демалады?