Ертең, 6 наурызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ-Тілек-автожол» өткізу бекеті жұмысын уақытша тоқтатуы мүмкін. бұл туралы 24.kg Қырғыз Республикасының шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін «Қырғызтелеком» осы өткізу пунктінде жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Басқа бақылау-өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

"Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтардан өздерінің жүру уақыты мен бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.      


Оқи отырыңыз: Қазақстан Қырғызстанға дизельдік отын түріндегі гуманитарлық көмекті көбірек жіберді