Қырғызстан қант экспортын жарты жылға тоқтатты
Бұл Қырғызстан аумағынан қанттың жаппай сыртқа тасымалдануын болдырмау үшін жасалып отыр.Қырғызстан министрлер кабинеті құм шекер мен қамыс қантын экспорттауға 6 айға тыйым салды, деп хабарлады Kabar агенттігі.
Бұл Қырғызстан аумағынан қанттың жаппай сыртқа тасымалдануын болдырмау үшін жасалып отыр. Ел үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шара елдің сауда-саттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нарықтағы қант бағасын тұрақтандыруы тиіс.
Оқи отырыңыз: Қазақстан өңірлеріне 152 вагон қант жеткізіледі