Елімізде баспанамен қоса құрылыс материалдарының бағасы да шарықтап барады. Әсіресе осы жылы сәуір айынан бастап баға 70 пайызға көтерілген. Үй салып бастағандар жоспарлаған қаражатымыздан екі есе шығындалып жатырмыз дейді. Ал экономист құрылыс заттарын өзімізде шығаратын зауыттарды көбейтсек қана мәселе шешілуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Құрылыс материалдары карантин енгізілгеннен кейін қымбаттаған. Мәселен, темірдің құны бірден 70 пайызға шарықтаған. Цемент екі есеге өскен. Кәсіпкерлер бағаның өсуі оларға байланысты емес екенін айтады. Себебі, материалдар өндірушіден шыққаннан кейін диллер арқылы келеді.


Оқи отырыңыз: Баспана бағасы 10 жылда 4 есе өсті. Тұрғын үй неге арзандамай тұр?


"Үкімет жағдайға индустрияландыру бағдарламалары арқылы әсерін тигізе алады. Бізде өзімізде импорттық тауарлардың орнын алмастыратын заттарды өндіру процесін жолға қоюымыз керек. Сол кезде баға бірден аса өспейді", – дейді экономист Мақсат Халық.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: