Құқықтық сипаттағы сұрақтар туындаса қайда хабарласу керек
Ел аумағында +7 (7172) 58 00 58 немесе 119 call-center жұмыс істейді.Әділет министрінің міндетін атқарушы Марат Бекетаев Instagram парақшасында министрліктің жұмысы туралы хабарлады. Мемлекет басшысының Төтенше жағдай кезінде жүктеген тапсырмаларын орындау үшін Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша іс-шаралар легін қабылдаған.
"Құқықтық ақпараттық қызмет тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Операторлар саны артты. Азаматтар құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша +7 (7172) 58 00 58 немесе 119 call-center нөмірлері жауап ала алады", – деді Марат Бекетаев.
Ол төтенше жағдай кезінде барлық санат бойынша атқару өндірісі мен атқарушылық әрекет тоқтатылғанын атап өтті. Сот орындаушыларының барлығы бұл шешім туралы құлақтандырылған.
"Барлық өңірде, соның ішінде медицина мекемелерінде туу туралы куәлікті рәсімдеу үздіксіз қамтамасыз етілген", – деді Әділет министрінің міндетін атқарушы Марат Бекетаев.