ҚР СІМ: Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ
Өткен кездесуде ұйымға мүше мемлекеттер одақты одан әрі дамыту жолдарын талқылады.Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу мәселесі бойынша үкімет пен арнайы қызметтер арқылы кеңесіп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел енді Мәскеуге қауіпсіздік кепілі ретінде сене алмайтынын мәлімдеді.
"Қазақстан мен Армения келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Осыдан бірнеше күн бұрын ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кездесу өткізді. Онда ұйымды одан әрі дамытудың жолдары қандай болатыны талқыланды. Осы ұйым аясында өзара іс-қимыл жоспарлануда, сондықтан біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Айбек Смадияров.
Ол Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдары кезінде Арменияның Қазақстаннан көмек сұрамағанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Жақсылықов 11 қазақстандық сарбаздың Беларуське не үшін жіберілгенін түсіндірді.