Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов дауыс берді
Әскери бөлімдер мен мекемелер аумағындағы 20 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.Астана қаласындағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов дауыс берді.
Қорғаныс министрі президент сайлауына қатысу – барлық қазақстандықтың азаматтық міндеті екенін атап өтті.
"Қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен мекемелер аумағындағы 20 сайлау учаскесінде мерзімді қызметтегі сарбаздар мен курсанттар дауыс беріп жатыр. Қарулы күштерден барлығы 130 мыңға жуық әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері дауыс беруге қатысуда", – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Сайлау – қазіргі демократиялық мемлекеттің маңызды институты. Бұл процесте елдің әскери қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды міндетін орындайтын әр әскери қызметшінің дауыс беруі маңызды, делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.