Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ресми сайтында Қазақстанның өңірлерінде ертең, 27 тамыз күні жұма намазы қалай оқылатыны туралы ақпарат жарияланды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – оқылмайды;
  • Алматы қаласы – оқылмайды;
  • Шымкент қаласы – оқылмайды;
  • Алматы аймағы – мешіт ауласында оқылады;
  • ШҚО – мешіт ауласында оқылады;
  • Қарағанды облысы – оқылмайды;
  • Атырау облысы – мешіт ауласында оқылады;
  • СҚО – мешіт ауласында оқылады;
  • Ақмола облысы – мешіт ауласында оқылады;
  • Ақтөбе облысы – мешіт ауласында оқылады;
  • БҚО – оқылады;
  • Маңғыстау облысы – мешіт ауласында оқылады;
  • Түркістан облысы – мешіт ауласында оқылады;
  • Павлодар облысы – мешіт ауласында оқылады;
  • Семей аймағы – мешіт ауласында оқылады;
  • Талдықорған аймағы – мешіт ауласында оқылады;
  • Қызылорда облысы – мешіт ауласында оқылады;
  • Жамбыл облысы – оқылмайды;
  • Қостанай облысы – мешіт ауласында оқылады.

"ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде Жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес", – делінген ҚМДБ ресми хабарламасында.

Діни басқарма мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды сұрайды.