"Шығыс жұлдызнамасы" сериясынан "Барыс жылы" тақырыбындағы пошта маркасы айналымға енгізіледі. Номиналы 900 теңгелік марка 10 мың данамен шығарылады, деп хабарлады "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі.

Бір маркалы пошта блогының көлемі 80 х 80 мм, ал диаметрі – 40 мм. Офсеттік баспа, 4 бояуда, перфорациялық.  Ультракүлгін бояуы бар және лакталған қорғаныс элементтерінен тұрады.

Барыс бейнеленген марка. Фото: "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, 28 маусымда Қазпошта "Мемлекет саясаты" сериясынан "Қайырымдылық" тақырыбында пошта маркасын айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Пошта маркасының номиналы – "С" литері (380) теңге. Бұл Қазақстан Республикасының жер үсті көлігімен салмағы 50 граммға дейінгі тапсырысты хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді. Таралымы – 9 мың дана.

Маркада ультракүлгін бояумен қорғаныс элементтері қолданылған. Пошта маркасының эскизін Президенттік бағдарламаларды қолдау қоры ұсынып, әзірлеген. 

Қазпоштаның аталған маркалары ел аумағындағы пошта айналымына ғана жоспарланған.


Оқи отырыңыз: Гагарин бейнеленген марка құны – 350 доллар. Қазақстанда марка жинап табыс табуға бола ма?