Енді құрамаға республикалық және халықаралық турнирлерде 1-ден 8-ге дейін орын алған спортшылар  қабылданады. Мәдениет және спорт министрлігі осы талапты айқындайтын жаңа ережені бекітті. 

Бұл ұлттық құрамаға енуге мүмкіндігі бар спортшылар санын арттырады. Өйткені, бұған дейін құрамалар тек чемпиондар мен жүлдегерлерден ғана жасақталған болатын. Аталған өзгеріс бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарысы, таеквондо WTF спорт түрлеріне қатысты.

Спорттық ойын түрлеріне де осы тәртіп қолданылады, бірақ негізгі және қосалқы командаларға жылдың басты республикалық және халықаралық турнирлерінде 1-ден 10-шы орынға дейін иеленген спортшылар шақырылады.

"Біз дарынды спортшылар үшін ұлттық құрама қатарына қосылу мүмкіндігін ұлғайтуымыз керек деп санаймыз. Әсіресе, болашағынан зор үміт күтетін, тәжірибелі, дарынды, жас спортшылар үшін, оның ішінде ауыл спортшылары үшін бұл да өзін-өзі дәлелдеуге жақсы мүмкіндік. Бұл өзгерістер пайдалы болады және дұрыс бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз", – деді мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.


Оқи отырыңыз: Қарағандылық түйе палуан Ұмра қажылығына барады