Қазақстанның солтүстігінде 18 градусқа дейін аяз болады
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронттарға байланысты өзгереді."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 19-21 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады.
Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -7...-18, күндіз -6...+6°, оңтүстік жартысында түнде 0...-10 градусқа дейін төмендесе, күндіз +3...+18° болады.
Сонымен қатар, республика бойынша дерлік ауа райын анықтайтын атмосфералық фронттар жауын-шашын әкеледі. Мерзімнің ортасынан бастап Қазақстанның солтүстік-батысында күн ашық бола бастайды. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте, керісінше, жауын-шашын кезең ортасынан бастап күшейеді.
Оқи отырыңыз: “Ауа райы бөгет болды”: Астанада азамат сүйіктісін алып қашпақ болды
"21 наурызда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр мен қар жауады. 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурыз күні күндіз, 20-21 наурыз – Жамбыл облысында қатты жаңбыр жауады. 21 наурызда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жаңбыр жауады", – деп атап өтті синоптиктер.