Су тасқыны маусымы қарсаңында Үкіметке Экология министрі Нұрлан Нысанбаев Қазақстанды күнтізбелік көктемде қандай ауа райы күтіп тұрғанын баяндады.

Оның айтуынша, ақпанның үшінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысында әуелі түнде -5...-15°, күндіз 0...-7° дейін жылып, кейін қайтадан суытады. Түнде -12...-20°, күндіз -3...-12° дейін суық болады.

Республиканың оңтүстік жартысында айдың жиырмасында түнде 0...-8° бір қалыпты аяз болады. Күндіз ауа температурасы нөлден жоғары, кей жерлерде +8°-қа дейін жылынады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның бірнеше қаласында екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды


Айдың соңында оңтүстікте түнде де, күндіз де температура жоғары болады, күндізгі уақытта +15°-қа дейін жылынады.

"Елдің басым бөлігінде қар түрінде жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр мен көктайғақ болады", – деді министр.