Театр және кино актері, "Өнер барысы" турнирінің үш мәрте жеңімпазы Асылхан Төлеповтың ұйымдастыруымен 28 наурыз күні Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында "Театр барысы" республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.

Турнирге қатысуға республика өңірлерінен 48 актер тіркелген. Турнирдің мақсаты – Қазақстанның театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

  • Турнирдің өтетін орны: Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы.
  • Уақыты: 28 наурыз, сағат 16:00.

Оқи отырыңыз: Абаев: Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енгізіледі