12-17 қыркүйек аралығында қазақстандықтар жақында ғана табылған Нишимура құйрықты жұлдызын бақылай алады, ол келесі 400 жылдан кейін ғана Жерге барынша жақын ұшатын болады. Бұл туралы The Planetary Society жазды.

Осы кезеңде ақ құйрықты жасыл комета планетадан 125,4 миллион шақырым қашықтықта орналасады және Солтүстік жарты шардағы бөлігіне, оның ішінде Қазақстанға да көрінетін болады. Кометаны таң атқанға дейін бір сағат бұрын Шаян мен Арыстан шоқжұлдыздарының арасындағы көкжиектен төмен іздеу керек.

18 қыркүйекте құйрықты жұлдыз Күнге жетеді, ал Күн оның энергиясын жойып жібермесе, ол айналып, Күн жүйесіне қайта бет алады. Содан кейін Нисимура Оңтүстік жарты шардағы тұрғындарға көрінетін болады.


Оқи отырыңыз: Жұлдыз жауған түн: Персеид жұлдыздар ағынының қашан тамашалауға болады.