20 жастағы қазақстандық боксшы Тимур Баситов Таиландта өткен жекпе-жекте бұрынғы WBC Silver чемпионын жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.

Тәжірибелі қарсылас 14 жекпе-жекте 11 нокаутпен ерекшеленген. Алайда жас спортшы еш мойымай, қарсыласын 6 раундта бірауыздан қабылданған төрешілер шешімімен жеңіп шықты.

Тимур Баситов. Фото боксшының жеке мұрағатынан алынды

Тимур Баситовтың бұл жеңісі оның халықаралық аренадағы үлкен жетістіктерге бастайтын жолының басы ретінде қарастырылуда. 

Жас боксшы алдағы уақытта Қазақстанның намысын қорғай отырып, жаңа белестерді бағындыруға уәде берді.


Оқи отырыңыз: Wrestling Stars турнирі: Азамат Дәулетбеков биылғы Ресей чемпионымен белдеседі