Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы екі жақты келісім негізінде Хасеки академиясының 2021-2022 оқу жылына қабылданған шәкірттер Түркияға Шымкенттен аттанды.

Биылғы ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарын бітірген, білімді, даярлық курстан және қабылдау емтиханынан «өте жақсы» баллға ие болған 40 шәкіртке Хасеки академиясының жолдамасы берілген болатын.

Хасеки академиясындағы оқу мерзімі – 3 жыл.

Шара барысында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізіп, шәкірттерге бірқатар ақыл-кеңестер беріп, оқу ордасындағы талап, ережелерді айтып өтті. Сондай-ақ, аталмыш оқу орнында білім деңгейімен қатар студенттерге барлық жағдайдың жасалғанын тілге тиек етті.