Қазақстандағы ведомстволық наградалар қатарына жаңа "Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі қосылады. Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қаулы жобасына сәйкес, жаңа медальмен ел экономикасын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан және шетел азаматтары марапатталады. Медаль Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық медалі болып саналады.

Медаль сары түсті жез металдан (латунь) диаметрі 34 мм шеңбер түрінде жасалады.

"Жобаны мақсаты – қызметкерлерді, жұмыскерлерді және өзге де тұлғаларды қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері үшін көтермелеу және еңбегін ынталандыру" делінген қаулының түсіндірме жазбасында.

Медаль сары түсті жез металдан (латунь) диаметрі 34 мм шеңбер түрінде жасалады.


Оқи отырыңыз: "Алтын белгі", "Алтын алқаның" сатылуы – марапат құны қалмағанының белгісі ме?


Еске салайық, Қазақстанда қазіргі таңда қолданыста 70-ке жуық ведомстволық медаль мен төсбелгі бар.