Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен бірқатар облыстардың прокуроры мен бас көлік прокуроры тағайындалды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек  Бақашбаев болды.

Абай облысының прокуратурасын үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Абаев басқарды.

Жетісу облысының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Мадияр Басшыбаев тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Серік Шалабаев  тағайындалды.

Ақтөбе облысының прокуратурасын үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Дәуешов басқарды.

Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Руфат Құттықов тағайындалды.

Атырау облысының прокуроры болып Бауыржан Жұмақанов тағайындалды.

Сондай-ақ бас көлік прокуроры болып үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Сүлейменов  тағайындалды.


Оқи отырыңыз:

"Нұр жолы" кеден бекетінің басшылығы прокурорға 50 мың доллар пара берген

Бас прокуратура: Кей өңірде оқушыларды бұрын сотталған азаматтар тасымалдаған