Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакцинация қашан басталатынын хабарлады.

"Президент тапсырмасымен ел халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, ревакцинация 22 қарашада басталады. Иммундай процесі 2 кезеңмен өтеді", – деді Денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цойдың айтуынша, 22 қарашадан жыл соңына дейін екпені халықтың науқастану тәуекелі жоғары осал тобы алады. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері.

Бірінші кезеңде (2021 жылдың IV ширегі, 2022 жылдың I-II ширегі) 1 миллион адамға қайта екпе салу жоспарланса, екінші кезеңде (2022 жылдың I-II ширегі) 6,2 миллион адам ревакциналанады.