Қазақстанда көші-қон ресурстарына арналған "Миграция" порталы іске қосылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен қатар, портал арқылы:

  • қандас мәртебесін тағайындау;
  • иммигранттар мен кандидаттарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу;
  • "Ата жолы" картасы алу;
  • пана іздеушілерге куәлік береді.

"Портал шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырады. Инновациялық шешім көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу уақыты мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: 1 қазаннан бастап ХҚКО қандас мәртебесін алуға өтініш қабылдамайды