Қазақстанда колледжге құжатты қай уақытқа дейін тапсыруға болады?
Биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты.Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің дерегі бойынша, колледждерге құжат 2023 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Колледж түлектері QR коды бар диплом ала бастады
Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т. б. бағыттар бойынша ұлғайтылды.
Былтырдан бастап кәсіпорындардың өтінімі бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін алады.
Министрлік биыл кәсіпорындардың өтінімі бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланып отырғанын хабарлады.