Жапония және Қазақстан бірлесіп түсіріп жатқан «Кішкентай самурай" фильмі қазіргі таңда Қазақстанда Балқаш көлінің маңында түсіріліп жатса, күзде түсірілім Жапонияда жалғасын табады, деп хабарлады kyrgyzcinema.com сайты. 

Фильмнің сценаристі және режиссерлерінің бірі жапониялық продюсер Сано Синдзю. Екінші режиссер қазақстандық Ерлан Нұрмұханбетов. 

Негізгі рольдерді Самал Еслямова мен Дәрежан Өмірбаев, сондай-ақ қырғызстандық кинорежиссер Арым Кубат ойнайды. 

Фото: Хаято Матсумото

Фильм кеңес-жапон соғысы кезінде әкесін Сахалинге іздеп келіп, бірақ өзі тұтқынға түсіп Қазақстанға жер аударылған жапон баланың оқиғасы туралы баяндайды. Оны Ыбырай есімді қазақ балықшы асырап алған. 


Оқи отырыңыз: "Субтитр қазақ тілінің мәртебесін түсіреді". Қазақстанның кино нарығы туралы дубляж режиссерімен сұхбат