Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық қарыздар аясындағы шекті сома 10 млн теңгені құрайды. Ал көптеген банкте бұл сома 7 млн теңгеден аспайды. Бұл жағдайда мәселені кепілдікті талап ететін банк өнімдері шешуі мүмкін, деп хабарлайды ranking.kz сайты. 

Мұндай өнімді Қазақстандағы екінші деңгейлі 22 банктің 9-ы ұсынып отыр. ForteBank клиенттеріне 200 млн теңгеге дейін қарыз беруге дайын. Бұл басқа қаржы институттарымен салыстырғанда айтарлықтай көп. Бұдан кейінгі орында – Bank RBK, ол 75 млн теңгеге дейін береді. Ал Altyn Bank пен Нұрбанк 50 млн теңгеден ұсынуға дайын. 

Сектордағы 9 банктің тек бесеуі максимум қанша сома қарыз беретінін жария еткен. 


Оқи отырыңыз: "Үш адамға кредит әперіп, үшеуін де өзім төледім". Қазақтар неге жақындарына несие алып беруге бейім?


Мөлшерлеме бойынша:

  • ForteBank ЖТСМ – 22%;
  • Bank RBK ЖТСМ – 22,1%;
  • ЦентрКредит банкі – 22,6%.

Шағын банктер ішінде:

  • Шинхан банкте ЖТСМ – 19,4%;
  • КЗИ банк – 20%;
  • Altyn Bank – 21,6%.

9 банктің алтауында несиені өтеу мерзімі – 120 ай. Олар: ForteBank, Altyn Bank, Нұрбанк, Bank RBK, ЦентрКредит банкі және Halyk Bank.


Оқи отырыңыз: Банкрот деп танылған жеке тұлғаларға несие беріле ме?


  • Шинхан Банк – 240 ай;
  • КЗИ банк пен Қазақстандағы Қытай банкі – 60 ай. 

2022 жылдың мамыр айында екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға берген қарыз сомасы 6,3 трлн теңге болды. Ал төлемді кешіктіргендер саны 3,5 пайызды құрады. Өткен жылы – 4,4%, ал бес жыл бұрын 7,3% болған еді. Өткен он жылдықтың басында бұл көрсеткіш 17 пайызды құраған болатын.