Қазақстанда докторантураға гранттар тізімі жарияланды
Байқауға қатысу үшін шекті балл – 75.Ұлттық тестілеу орталығы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға 2023-2024 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады.
Тізімді мына жерден көруге болады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75 балл.
2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу туралы сертификатпен қатар, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.
Оқи отырыңыз: Ғылым министрі ЖОО неліктен магистр мен доктор дайындаудан қашатынын түсіндірді.