Тек бөлшек сауда үшін шекті баға белгіленеді. Бұл шешімге еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында дизель отынының көп көлемде, шамадан тыс сақталуы себеп болған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Енді жазғы және маусымаралық дизель отынының 1 литрі үшін шекті баға – 295 теңге деп бекітілгелі отыр. Яғни, Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі барлар үшін тәулігіне 100 литр, ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін 300 литр көлеміндегі шектеу біржолата күшін жояды. Дизель бәріне бірдей 295 теңгеден сатылады. Әрі, қалағанынша ала береді.


Оқи отырыңыз: Шымкент пен Түркістан облысында шаруалар бір айдан бері дизель таппай жүр


Айта кетейік, бұған дейін шетелдіктер үшін жанармай құны 450 теңге еді. Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, АИ-80, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиндердің бағасы сол күйі сақталады. Демек, Аи-80 – 89 теңге, Аи-92 және Аи-93 – 205 теңгеден саудаланады. Құжат 28 ақпанға дейін жария талқылауда болмақ.