Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 2 мыңға жуық адам анықталды
Науқастардың ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді.Қазақстандықтардың коронавирус жұқтыру қарқыны қайта үдеп келеді. Соңғы тәулікте вирус жұқтырған 1059 науқас анықталды. Осылайша, коронавирус пандемиясы басталғалы бері вирус жұқтырған қазақстандықтардың саны 1 321 453-ке жетті. Ал қайтыс болғандар саны – 13 664.
Соңғы тәулікте науқастардың басым бөлігі келесі өңірлерде анықталды:
- Алматы – 597;
- Нұр-Сұлтан – 586;
- Қарағанды облысы – 160;
- Шымкент – 105.
Өзге өңірлерде бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 100-ден төмен.
Коронавирус пневмониясымен соңғы тәулікте 17 адам ауырған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар тәулігіне 4 мыңға жетуі мүмкін