Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек "Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс" атты халықаралық форумында Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатыны туралы сауалға жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысы 5G желісімен қамтылған.

"Қазіргі уақытта 5G технологиясы бірнеше қалада пилоттық режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз, онда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі бар. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деді Асхат Оразбек.


Оқи отырыңыз: 5G мобильді интернет байланысы. Бұл қандай технология және ол әлем дамуына қалай ықпал етеді?


Вице-министрдің айтуынша, ведомствоның 5G желісін енгізу бойынша нақты ұстанымы бар. Бұл жұмысты министрлік телекоммуникация операторларымен бірге атқарады.

"Меніңше, алдағы екі жылдың ішінде тұрғындар еліміздің аумағында 5G желісінің қолжетімділігін сезеді", – деп атап өтті Асхат Оразбек.