Krisha.kz басылымының мәліметтерінше, бағаның күр көтерілуіне, пәтер жалдауға деген сұраныстың артуы тікелей әсер еткен.

Сұраныс жоғары қалалар қатарында Орал, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл және Павлодар бар. Бұл өңірлердегі хабарландыруларды қарау саны қалыпты деңгейден 2-3 есе көбейген.

Ақтөбе мен Оралда бір аптада (19 – 25 қыркүйек) пәтер жалдау құны орта есеппен 34%, Қостанайда – 25%, Павлодарда – 19%, Семей мен Петропавлда 15% артқан.

"Ал мегаполистер мен орталық қалаларда бағаның күрт өсімі байқалмайды. Астанада пәтер жалдау бағасы 5,6%, Алматыда 5,1% өскен. Дегенмен, нарықтық бағадан айтарлықтай жоғары баға ұсынған жекелеген хабарландыруларды кездестіруге болады", – деп жазды Krisha.kz.


Оқи отырыңыз: СІМ: Кез келген күрделі геосаяси жағдайда біз ұлттық қауіпсіздікке басымдық береміз