"Қазақфильм" вице-президенті сотталды
Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ вице-президенті сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды", – делінген хабарламада.
Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған "Түркістан қаласы" Бутафор бекінісін заңсыз сату жолымен мемлекетке залал келтіре отырып оның қаржысын жымқырғаны үшін сотталды.
Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.