22-24 ақпан аралығында Қызылорда қаласында даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық ашық турнир өтеді. Бұл туралы Qazaq kuresi қауымдастығы хабарлады.

"Еуразия" мәдени спорт кешенінде өтетін тартысты додаға 2002-2004 жылдары туған жастар қатысып, 9 салмақ бойынша сынға түседі.

Өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс көрерменссіз өтеді.


Оқи отырыңыз: