Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді
Қазақстан үкіметі GPC Investment ЖШС компаниясын мемлекет меншігіне беру туралы қаулыға қол қойды.Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді
GPC Investment ЖШС компаниясы республикалық меншікке беріледі. Бұл туралы қаулыны ҚР үкіметі қабылдады.
"GPC Investment ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Tau Bereke Group" ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын", – делінген үкімет қаулысында.
GPC Investment компаниясы – "Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу" жобасының операторы. Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты GPC Investment компаниясы QazaqGaz АҚ балансына беріледі.
Өз кезегінде бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Мұнай – қазақтың бағы ма, соры ма?