Қашаған кен орнында вахталық ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлер дауыс беруде
Аралға референдум комиссияларының мүшелері тікұшақпен барып, процесті ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
ҚР орталық сайлау комиссиясының 14:00 деп жариялаған алдын-ала ақпаратына сәйкес, Атырау облысында дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 52,91 пайызы таңдау жасаған.