Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды медициналық университетін "дәрігерлер ұстаханасы" деп атады. 

"Медициналық білім беру жүйесін дамыту – басты міндеттің бірі. Қарағанды медицина университеті бүкіл еліміз үшін білікті мамандар даярлайды. Бұл оқу орнын дәрігерлер ұстаханасы деуге болады. Құзырлы министрлік университеттер жанынан 5 аурухана салу туралы жоба ұсынды. Соның бірі Қарағандыда салынады. Университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Клиника осы өңірде медицина ғылымын дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге тың серпін береді ден сенемін", – деді мемлекет басшысы. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қай қаланың тұрғыны болса да, таза, жасыл желекке толы, гүлденген ортада өмір сүруі керек