Тараз қаласында жазушы Шерхан Мұртазаға ескерткіш қойылады, деп хабарлады Egemen.kz.

Ескерткіш Халықаралық Тараз инновациялық институтының алдына орнатылмақ. Бұл орын қала тұрғындарының әлеуметтік желіде айтқан қоғамдық пікірі мен мамандардың пікірі де назарға алына отырып таңдалған.

"Талқылау қорытындысы бойынша үш орын белгіленд. Бұл жер "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында, Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият" орталығы ғимаратының дәл алдындағы жер. Екінші нұсқа – Жастар аллеясында және үшінші нұсқа – Жамбыл даңғылы бойындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты ғимаратының алдында. Қорытынды шешім бойынша, ескерткіш Халықаралық Тараз инновациялық институтының алдына орнату таңдалды", – деді "Көне Тараз" қорының төрағасы Мұратбек Әзімов.

Ескерткішті алматылық мүсінші Айдос Бүркітбаев әзірлейді.


Оқи отырыңыз: Тіршілік тігіндісіндегі Талапты