Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық жиналысында "Ақпараттық-сараптамалық орталық" АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы қала және ауыл, қазақ және орыс тілінде білім алатын оқушылардың білім деңгейі туралы мәлімет берді.

"Қала мен ауыл оқушылары арасында оқу сауаттылығындағы алшақтық 22 баллға қысқарған. 2018 жыл бұл көрсеткіш 37 балды құраса, 2021 жылдың зертеу нәтижесіне сәйкес 15 балл болды. Бұл алшақтық негізінен ауыл мектептерінің оң динамикасы негізінде орын алды", – деді Мағжан Аманғазы. 

Оның айтуынша, оқыту тілі бойынша, яғни, қазақ және орыс тілінде оқитын білім алушылардың арасындағы алшақтық 21 балға қысқарған. Бұл ретте алшақтық қазақ тілінде оқитын оқушылардың анағұрлым оң динамикасы нәтижесінде азайған.


Оқи отырыңыз: