Қайрат Құдайбергенді Amanat партиясынан шығарып, депутат мәртебесінен айырды
Алматы қаласының мәслихаты құрамында өзгерістер болды.Алматы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясы өтіп, 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді. Оның негізінде мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес Мұрат Әділханов, Ләззат Ибрагимова, Есенгелді. Талбидинов, Қали Сәрсенбай, Арман Жүдебаевты, Мұхтар Зулеев, Райхан Бөлекбаева, Әлібек Құрманбек депуттар тізімнен шықты.
Сондай-ақ, Amanat және Қазақстан Халық партиясы өз құрамынан Қайрат Құдайбергенді, Ақбөпе Әбілқасымованы, және Әлібек Шапеновты шығарды.
Келесі депутаттарға жаңа мандаттар берілді:
- Матыжанов Кенжехан – Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, Amanat партиясының мүшесі.
- Тайтөлеев Төлеуғали – Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.
- Жандай Сана – ADANAZ ЖШС директоры, Amanat партиясының мүшесі.
- Жұмабаев Бақытбек – "Жан-М" ЖШС Бас директоры, Қазақстанның көгалдағы хоккей Федерациясының вице-президенті, Amanat партиясының мүшесі.
- Қарағұлов Ерұлан – "Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі" КМҚК директоры, Amanat партиясының мүшесі.
- Котенев Артур – "AlmatyEngineering" ЖШС директоры, Amanat партиясының мүшесі.
- Шамова Арайлым – "№201 мектеп-гимназия" КММ директоры, Amanat партиясының мүшесі.
- Ерлан Диана – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Отбасы, әйелдер істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.
- Рамазан Бекбол – Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол академиясының проректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.
- Сұлтанғалиев Тамерлан – "Қазақстан Халық партиясы" Алматы қалалық филиалының төрағасы, "Қазақстан Халық партиясы" партиясының мүшесі.
- Мұхамедғалиев Талғат – "Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау одағы" РҚБ Алматы филиалының басшысы, "Қазақстан Халық партиясы" партиясының мүшесі.