Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен микроқаржылық ұйымдар арқылы берілетін кепілсіз несиелер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшері 56 пайыздан 44 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл Ашық НҚА порталында жарияланған қаулы жобасынан белгілі болды.

Айта кететін жайт, кепілмен қамтамасыз етілген және ипотекалық тұрғын үй қарыздар бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесінің шекті мөлшері өзгеріске ұшырамайды. Олардың шекті мөлшері сәйкесінше 40% және 25% мөлшерінде сақталады.


Оқи отырыңыз: 


"Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды", – деп жазылған қаулы жобасында.

Бұл жобаны онлайн талқылауға 29 наурызға дейін қатысуға мүмкіндік қарастырылған.