Кеңес Рақышев ҚР бокс федерациясының президенті қызметінен кеткеннен кейін федерацияның құрметті президенті болып қалғаны белгілі болды. Бұл туралы федерация сайтындағы өзгерістерден анықталды.

Кеңес Рақышевқа дейін федерацияның құрметті президенті лауазымына Тимур Құлыбаев ие болған еді.

Еске салайық, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Казцик ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. 


Оқи отырыңыз: Кенес Ракишев покинул пост главы федерации бокса РК. Кто пришёл ему на смену?