Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге салынған мораторий мерзімі 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Президент тиісті жарлыққа өзгерту енгізді.

"Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын", – деп жазылған жарлықта.

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылатынын айтқан еді.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Кәсіпкерлер себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет


Айта кетейік, президенттің 2019 жылғы жарлығына сәйкес, аталмыш мораторий 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жарияланған болатын.