Қазақстандық кәсіпкер Ұлықбек Шәріповтің "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлаған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Кәсіпкер жас футболшыға алғыс білдіріп, Exeed маркалы жаңа көліктің кілтін табыс етті. 

"Бұл – сенің жеке көлігің. Бізге ерекше әсер сыйладың. Ең бастысы, талпынысыңды тоқтатпа", – деді кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов.

Еске салайық, Шерхан Қалмырза кеше Алматыда "Қайрат" футболшыларының сапында беделді "Реал Мадрид" командасына қарсы ойнады. Матчта 5:0 есебімен қонақтар жеңіске жетті. 

Информбюроның матч кезінде жасаған онлайн трансляциясын осы жерден оқуға болады.