Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім шықты.

"Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Киров ауылы мекенжайы бойынша орналасқан "Олжа Ряжское" өнеркәсіп кешеніндегі Алабұға жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдан құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", – деп жазылған Киров ауылдық округінің әкімі М. Дәулетовтің шешімінде.

Шешімнің орындалуын Киров ауылдық округінің әкімі М. Дәулетовтің өзі қадағалайды.


Оқи отырыңыз: Ірі қара, құс, бұғы: Қазақстанда мал азығы шығыны қалай өзгерді?